«Огни Мангистау» газеті туралы

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. «Маңғыстау-медиа» ЖШС құрамындағы басылым.

Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1973 ж. сәуірде облыс құрылғанда облыстық газетке айналып, 1988 жылға дейін осы мәртебемен шығып түрды. Облыс жабылып қалған жылдары қайтадан қалалық газет болды. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Алғашқы редакторы белгілі журналист Ю.Татаринов. Одан кейінгі редакторлары Г.Г. Коваленко, В.И. Вова. Қазіргі редакторы Наталья Бутырина.

«Огни Мангистау» газетінің материалдарын интернет сайты ogni.kz оқи аласыз.