Редакция телефондары:
+7 (7292) 20 48 34
Почта: hat@mangystaumedia.kz;
pr@ogni.kz (жарнама үшін)
Кезекші журналист: +7 (747) 365 17 25

«Маңғыстау» газеті туралы

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді. Газеттің тұңғыш редакторы Р.Мусин, жауапты хатшысы Н.Қыдыров болды. Әр жылдарда бас редактордың орынбасарлары болып С.Есімов, С.Оразғалиев, К.Мырзағұлов, А.Сүйеров, Л.Сәдуақасов, М.Іңірбаев, Ғ.Әріп, Т.Мыңжас қызмет жасады.

Редакцияның газетті шығарудағы мақсаты жаңадан құрылған облыс, түлеген түбек, қазыналы аймақтың экономикалық-әлеуметтік, мәдени-рухани тыныс-тіршілігін кеңінен ашып көрсету, жаңалыққа жаршы болып, кемшіліктерді сын тезіне салу, өлке тарихын, жас ұрпақ тәрбиесін, ұлттық рухани мұраларды жаңғырта жазып, қаламгерлердің шығармашылық ізденістеріне кеңінен жол ашу болды.

Басылым қалың оқырманның көңілінен шықты. Газетте осы жылдарда қаламы ұшқыр журналистер мен ақын-жазушылар: О.Ізбасаров, Л.Сәдуақасов, Т.Медетбек, Ж.Ахметов, Г.Сейітжан, Х.Қыдыров, А.Нәріков, Ә.Спан, С.Әділханов, Т.Шадықұлов, А.Бектұрғанов, М.Іңірбаев, З.Исағұлов, М.Әбуов т.б қызмет жасады.

1988 жылы облыстың жабылуына байланысты газет те жабылып қалды. 1990ж. 1 қаңтарынан әуелі қалалық, көп ұзамай облыс қайта құрылып облыстық «Маңғыстау» газеті дүниеге келді. Газеттің қазіргі статусы – облыстық қоғамдық-саяси газет.Әр жылдарда басқарған редакторлар:

1.Рысхан Мусин, облыстық басылымның алғашқы басшысы, танымал журналист-публицист, «Лениншіл жас» газетінен келді, басқарған жылдары — 1973-1977.

2. Жәмек Оспанов, танымал журналист-публицист, ардагер, «Социалистік Қазақстан» газетінен келді, басқарған жылдары – 1977-1978.

3. Сәуірбай Есімов, журналист, Атырау облыстық партия комитетінен келді, басқарған жылдары – 1990-1994.

4. Мейрамбай Қибасов, белгілі журналист-публицист, газетте 40 жыл еңбек етті, «Жаңаөзен» газетінің негізін салды, облыстық газетті басқарған жылдары-1994-1995.

5. Жоламан Бошалақов, тележурналист, облыстық телекомпаниядан келді, басқарған жылдары — 1995-2001.

6. Маңдайлы Қосымбай, белгілі журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшілігінен келді, басқарған жылдары – 2001-2013 (ақпан).

7. Ғалым Әріп, ақын-журналист, «Маңғыстау» газеті (30 жыл), 2013 жылдан(ақпан) басқарып келеді.

 

«Маңғыстау» газетінің PDF мұрағаты

«Маңғыстау» газеті, 30 сәуір 79-80(9045) 2016

«Маңғыстау» газеті, 26 сәуір 76(9041) http://bit.ly/21w9XUm

«Маңғыстау» газеті, 23 сәуір 74-75(9040) http://bit.ly/1T10rbx

«Маңғыстау» газеті, 21 сәуір 72-73(9038) http://bit.ly/1rmZgXt

 

Редактор өмірбаяны

Ғалым Әріп Бисембіұлы (1960 жылы туған, Маңғыстау ауданы Шебір ауылы) – журналист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі (1986). ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1982). 1982 – 85 ж. Алматыдағы «Жалын» баспасында редактор, 1985 – 88 ж. облысы «Коммунистік жол» газетінде тілші, жауапты хатшы, 1988 – 90 ж. Ақтаудағы Абай атындағы Мәдениет сарайында нұсқаушы-методист, 1990 – 94 ж. облысы «Маңғыстау» газетінде тілші, жауапты хатшының бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1994 жылдан бас редактордың бірінші орынбасары, 2013 жылдан бе, 2013 жылдан бер бас редактор қызметін атқарып келеді. «Асау жүрек», «Жүрегімнің толқындары», «Дүрия-дүние», «Асылдың сынығы», «Жаңарған Ақкетік», «Гармония», «Каспий трагедиясы» (1994) атты поэзиялық, прозалық, публицистик кітаптардың авторы. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

«Маңғыстау» газетінің қазіргі құрамы:

Ғалым Әріп –  Бас редактор

Мұрат Жетекбай – бас редактордың орынбасары

Валентина Қозыбақова – тілші

Үміт Жәлеке – тілші

Ханым Қуатова – тілші

Мұңалқызы Фарида – тілші

Венера Мирланқызы – тілші

Голрох Жеменей – тілші

Зухра Әбділ-Саттар — тілші

Ләйла Мұратова – жауапты хатшы

Жұмагүл Абланова – беттеуші дизайнер

Шынар Теңізбай – беттеуші дизайнер

Редакция телефондары: +7 (7292) 20 48 34;

Ұялы телефондар: 8 (747) 365 17 25; 8 (702)563 92 11

Почта: 7292info.kz@gmail.com; pr@ogni.kz

Біздің мекен-жайымыз: Ақтау қаласы, 3 шағынаудан, 70-үй