«М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының» 2016 жылдың 28 қыркүйек – 7 қазан аралығында Ақтау қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драмалық театрындағы репертуары

репертуар актау

абай афиша актау

кыз муны актау

тансулу актау

кожанасыр актау

Қожанасыр жалпы Шығыс, оның ішінде түркі халықтарына ортақ фольклорлық кейіпкер. Ал, спектакльде арамызда жүрген Қожанасырды сатып пайда таппақ, сенсация жасамақ болған коммерсанттар… Ортақ бабалары Қожанасырды өз еліне алып кету үшін келген түркі халықтары өкілдерінің өзара дау-дамайы, пікірталасы…  Қожанасыр түскен ситуациялар – пьеса мен спектакль алға тартатын түп идеяны ашуға бастайды: тарих көшіне ілесе алмай, тілін, дінін жоғалтқан, ділінен айырылған халықтар жер бетінде аз емес. ХХІ ғасыр – жаһандану ғасырына түркі халықтары қалай жетті, болмысы қалай өзгерді? Бұл жолда ол нені тапты, неден ұтылды және бүгінгі түркі әлемінің бет-бейнесі қандай? Қойылым оқиғалары күлкі тудыра отырып халқымыздың, жалпы түркі әлемінің бүгінгі ахуалын зерделей білуге, болашағы туралы ойлануға шақырады.

коштаскым актау

Терең психологизммен ерекшеленетін көрнекті орыс драматургы А.Володин пьесасы бойынша қойылымға  ажырасуға бел буған сегіз отбасының әрқилы тағдыры  арқау болады. Жасы, әлеуметтік мәртебесі, дүниетанымы жағынан әртүрлі бірнеше шаңырақ иелері сан түрлі өмір драмасына ұшырап, күмән-күдікке, тәкаппарлыққа бой алдырады – бақытты кездесулер баянсыз қоштасуларға ұласқалы тұр. Некелерін бұзуға сотқа келген оларды татуластырмаққа судья барын салады. Алайда өзімшіл ерлі-зайыптылар  бірін-бірі тыңдаудан, түсінуден қалған…

Шарттылық белең алатын қойылымда әр кейіпкер әртүрлі таным, жеке дүниетанымын алға тартады. Әрбір кейіпкер, яғни әрбір адам – жеке әлем, тек сол әлемге үңілу, оны түсіне, қажет болса кешіре білу – үлкен қасиет.  Негізінен театрдың жас буыны қатысатын спектакль өмірдің осы бір қарапайым да күрделі пәлсапасы туралы ойларға жетелейді.

ТЕНДЕР актау


Драмада бүгінгі күн оқиғасы бейнеледі. Машинамен кісі қағып кеткен жалғыз  ұлдарын пара беріп соттан құтқармақ болып шарқ ұрған ерлі-зайыпты. Ақыры әйелі «тендерге түсіп» сатылады.  Нәтижесінде драма кейіпкерлерінің бәрінің малы түгел. Тек бәрінен түңілген, «намыстан өлген» отағасы ғана тентіреп кетеді… «Баланың жолында жан құрбан» дейді ата-ана. Бірақ, шаңырақты ортаға түсірген мұндай құрбандықта мән бар ма?!

бейбарыс актау

Дешті қыпшақ ұланы, он жасында жетім қалып, құлдыққа өзге елге сатылып кеткен Сұлтан аз-Захир Бейбарыс (1223-1277) – қатардағы құлдан Мысыр елінің ойлы да кемеңгер билеушісі дәрежесіне дейін көтерілген тағдыры өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға.  Қаншалықты биік атақ-даңқ пен аса зор билік әлеуетіне ие болса да  Бейбарыс бабамыздың  жүрегін мәңгілік бір сағыныш сыздатып өткен. Туған ел-жеріне, сайын даласына,  жусанның ашқылтым иісіне деген сол сағыныш – спектакльдің де негізгі лейтмотиві. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»  дегенді халық бекер айтпаса керек…