Ата заңымыздың 1 – бабында «мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» — деп көрсетілген.

Азаматтарымыздың өмірі, денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары азаматтық, еңбек, қылмыстық заңнамаларымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық заңдарымен де қорғалады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар адамның және азаматтың бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай – ақ олардың жасалуының алдын алуға арналған.

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің бір санаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға байланысты.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабына сәйкес, құқық бұзушы тарапынан үй ішіндегі адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, кемсіту, дүние мүліктерді бүлдіру және басқа да олардың мыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, бұл отбасы – тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты құрайды. Осы әрекеттер үшін айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салу не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу, ал осы әрекеттер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанып жасалса, ондай айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл не он тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік жаза қарастырылған.

Нақтылап айтар болсақ, отбасы – тұрмыстық қатынастарға бірге тұратын немесе тұрған, некеде тұрған, бұрынғы ерлі – зайыптылар, жақын туыс адамдардың арасындағы қатынастар жатады.

Нұрманова П.
Ақтау қаласының мамандандырылған сотының бас маманы