Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай шағын футболдан аудандық жарыс өткізілді. Аудан жастарының арасындағы достықты нығайту және спортқа деген белсенділіктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған жарысқа ауданға қарасты ауылдар бойынша 7 команда қатысып, төрешілердің шешімімен жеңімпаз командалар анықталды.

-«Таушық ауылы» командасы І орынды жеңіп алса, «Ақшұқыр ауылы» командасы ІІ орын ды иеленген. Ауданға ең жақын орналасқан «Баутин ауылы» командасы ІІІ орынды қанағат тұтты.

— Жарыс барысында көзге түскен үздіктеріміз марапатталып, кубок, диплом және төсбелгілермен сыйлықтар табысталды,-дейді Түпқараған аудандық мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғалиева.

Милана ЕЛЕУСІНОВА
Фотолар әуесқой түсірілім

20160829_113950