латын

Ағымдағы жылдың 21 қазан күні Бейнеу орта мектебінде «Латын әліпбиі қазақ тілінің тынысын кеңейтеді» тақырыбында мұғалімдер мен оқушылар арасында латын әліпбиіне көшудің пайдалы жағын кеңінен түсіндіру мақсатында аудандық шара өткізілді.

Шараға аудан мектептерінен 300 адам қатыстырылды. Оның ішінде 9-11 сынып оқушылары мен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Шайхы Азанов қатысты. Шараның мақсатын аудандық үйлестіру орталығының директоры Камшат Даулетбаева түсіндіріп өтті. Бейнеу орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмаш Мұханбет латын әліпбиіне көшу жұмыстарының еліміздің рухани әлемі үшін аса қажетті іс екендігі туралы баяндама оқып, латын әліпбиі туралы шағын бейнеролик көрсетті. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Шайхы Азанов және мұғалімдер мен оқушылар арасында пікір алмасып, өз пікірлерін білдірді. Латын әліпбиіне көшу, оның ерекшеліктері туралы жүйелі ойлар, құнды пікірлер айтылды. Кештің соңы Бейнеу орта мектебінің 8-сынып оқушысы Карамадин Абылайдың М.Әлімбаевтың «Тіл туралы» өлеңін оқумен аяқталды.

К.ДАВЛЕТБАЕВА,

аудандық білім беруді үйлестіру орталығының директоры