Ақтауда Заң күніне орай «Рәміздерім – елдігімнің белгісі» қайырымдылық акциясы өтті. Шара Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Акцияға мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары қатысты.

Шара барысында ата-аналардың атынан М. Көпбергенова сөз сөйлеп, ұйымдастырушылардың жұмысына сәттілік тіледі. Акция соңында балаларға оқу құралдарын сыйға тартылды.