Оқиға 30 тамыз күні сағат 15:00 шамасында 4А шағын аудандағы теңіз жағалауында орын алған. 15:03-те Жедел жәрдемге қоңырау келіп түскен. Куәгерлердің айтуынша, марқұмның денесін судан құтқарушылар шығарып алған. Жас жігіт достарымен бірге теңіз жағасына демалуға шығыпты.

-Ол суға секірді де, сол сәтте көзге көрінбей кетті. Мен бірден 102-ге хабарластым, — дейді марқұмның танысы.

Құтқарушылар тас арасында қалған денені теңіздің шамамен 3 метр тереңдігінен тапқан.

Ақтауда әскери қызметкер суға кетті

Полицейлердің айтуынша, суға кеткен жігіт 1994 жылы дүниеге келген, 6656 әскери бөлімінде келісім шарт бойынша қызмет етіпті. Демалуға бірге келген үш жігітті олар наркологиялық диспансерге тексеруге жіберді. Ал марқұмның денесі моргке жеткізілді.

Суреттер lada.kz сайтынан алынды