Жас жігіттің мәйіті 4 А шағын аудан жағалауынан табылған. Бұл туралы Маңғыстау облысты ТЖД жедел-құтқару қызметі хабарлады.

Оқиға 30 шілде күні сағат 21:20 шамасында болған. Құтқарушылар қайтыс болған тұрғынның тиым салынған жерде суға түскенін жеткізді.

Айта кетейік, дәл осы күні (30 шілде) 1 шағын аудандағы теңіз жағасында да 20 жасар жігіт пен 17 жасар қызды толқын алып кеткен болатын.

17 шілдеде тиым салынған аймақта екі жігіт ажал құшты.

Маңғыстау облысты ТЖД суға шомылуға болмайтын аймақтарды ескертеді:

-15 шағын аудандағы «Айдын» кафесінен бастап 7 шағын аудандағы «Алина» жағалауына дейінгі аралықта суға түсуге болмайды. 4 шағын аудандағы жартасты жаға және яхта клубқа дейінгі аймақ та тиым салынған жерлер қатарында, — дейді Маңғыстау облысты ТЖД басшысының орынбасары Манарбек Мұханбетов.