Мұнайлы ауданының аумағында заңсыз жұмыс жасап, нәпақасын айырып жүрген 19 Қытай азаматы ұсталды. Олар Мұнайлы ауданында орналасқан «МНСК Синопэк Казахстан» ЖШС мекемесінде заңсыз жұмыс істеген. Тексеру барысында олардың қолында Қазақстан Республикасына келіп, жұмыс жасауға рұқсат беретін құжаттары болмай шықты. Барлығы да соттың шешімімен Қазақстан аумағынан шығарылды.

-Облыстық прокуратура органдары және Маңғыстау облыстық ІІД-нің коші-қон полиция басқармасымен жүргізілген тексеру барысында Мұнайлы аудынында орналасқан «МНСК Синопэк Казахстан» ЖШС мекемесінде заңсыз жұмыста жүрген 19 Қытай Халық Республикасының азаматтары ұсталды. Жоғарыдағы ҚХР-нің азаматтары Мұнайлы аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517 бабының 5 бөлігімен кінәлі деп танып, осы бапта көзделген жаза бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарылып жіберілді,-дейді Мұнайлы ауданы прокуратурасының прокуроры Анвар Қасымов.

Венера МИРЛАН