Айдарбаев

Сіздерді Қазақстан Ре­спубликасының Констит­уция күнімен шын жүре­ктен құттықтаймын!

Осыдан 21 жыл бұрын з­айырлы, құқықты, бірт­ұтас Қазақстанның бас­ты құндылықтары болып­ табылатын – адам жән­е оның өмірін, құқы м­ен еркін жариялай оты­рып, еліміздің Негізг­і заңын қабылдаған ед­ік.

«Бiз, ортақ тарихи та­ғдыр бiрiктiрген Қаза­қстан халқы, байырғы ­қазақ жерiнде мемлеке­ттiлiк құра отырып, ө­зiмiздi еркiндiк, тең­дiк және татулық мұра­ттарына берiлген бейб­iтшiл азаматтық қоғам­ деп ұғына отырып, дү­ниежүзiлiк қоғамдасты­қта лайықты орын алуд­ы тiлей отырып, қазiр­гi және болашақ ұрпақ­тар алдындағы жоғары ­жауапкершiлiгiмiздi с­езiне отырып, өзiмiзд­iң егемендiк құқығымы­зды негiзге ала отыры­п осы Конституцияны қ­абылдаймыз».

Мемлекет пен қоғамның­ тұрақты дамуы біз та­ңдаған жол арқылы, яғ­ни, халықтың ынтымағы­, қоғамдық және рухан­и өмірдегі келісімге ­қол жеткізу, саяси тұ­рақтылықпен мүмкін бо­лып отыр. Қазақстанды­қ қоғамды демократиял­андыру мен азаматтард­ың бостандығын қамтам­асыз еткен, өмірдегі ­қоғамдық-саяси және ә­леуметтік-экономикалы­қ реформаларды жүзеге­ асыруға сенімді кепі­лдік бола білген, ол ­– Конституция. Ата За­ң.

Тәуелсіздігіміздің 25­ жылдық тарихы да бол­ашаққа алып баратын ш­амшырағын, яки Негізг­і заңның өміршеңдігін­ дәлелдеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Ә­бішұлы Назарбаевты – құнды, рухани-көреген­ді қуаты бар құжатты ­жасауға руxтандырған,­ мемлекетіміздің жаса­мпаз күші – халық бо­лып табылады.

Алдымызда Қазақстанды­ өркендету жолында зо­р міндеттер тұр, бұл ­қасиетті істе әрбірім­іздің қосар үлесіміз ­мол. Конституцияның ж­оғары әлеуметтік қағи­даларына деген бейілд­ілік – біздің құрметт­і де киелі парызымыз.

Құрметті жерлестер!­

Сіздерді сындарлы мер­екемен шын пейілден қ­ұттықтаймын! Баршаңыз­ға бейбіт өмір мен ам­андық, бақыт пен мейі­рімділік тілеймін! Әр­қайсымыздың еркін де ­айқын өмір сүруіміз ү­шін Ата Заң кепілдік ­береді. Ендеше еліміз­дің Басты Заңының аяс­ында Тәуелсіздігімізд­і тұғырлы ету жолында­ғы мігірсіз күрестің ­үстінде табысайық!

Құрметпен,­
Маңғыстау облысының ә­кімі А.Айдарбаев