Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев пен облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Рахметулла Хайруллин «Дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының қолдануын кеңейту және жан-жақты дамыту, ақпараттық технологияларды сот ісін жүргізуде кеңінен қолдануы, алқабиге кандидат үміткерлердің тізімдерін іріктеу туралы» Меморандумға қол қойды.

dsc_4880_0

Аймақ басшысы А.Айдарбаев өз сөзінде аталмыш құжаттың маңыздылығына тоқталып, меморандумға қол қою қоғамдағы келіспеушілік дәрежесін төмендетуге, жағымды құқықтық орта қалыптастыруға бағытталған дауды шешудің альтернативті рәсімдерінің қоғамдық-саяси маңыздылығы түрткі болғанын атап өтті.

Р.Хайруллин облыс әкімнің сөзіне қосылып, серіктестік туралы қол қойылып отырған құжаттың құндылығын айтып, меморандум Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында баяндалған міндеттерді іске асыруға бағытталғанын, даулардың сотқа дейінгі және соттан тыс шешілуін реттейтін институттардың белсенді енгізілуі мен жан-жақты дамуына барынша септігін тигізетінін жеткізді.

Алик Серікұлы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтауға жағдай жасау мақсатында облыстық соттың барлық бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Ханым ҚУАТ