Бейсенбі күні Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Ыстанбұл әуежайында болған террорлық әрекетке байланысты Түркия Республикасының бас консулы Корхан Кюнгерюге көңіл айтты.

0305
– Ыстанбұл қаласы «Ататүрік» әуежайында орын алған жантүршігерлік оқиғаға байланысты өзімнің және барлық облыс тұрғындары атынан қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Күллі мұсылман үшін қасиетті Рамазан айында лаңкестік әрекеттердің салдарынан құрбан болған жазықсыз азаматтардың қазасына түркиялық бауырларымызбен бірге қайғырудамыз. Келешекте террористік оқиғалар болмасын. Әрқашан да бірге жұмыс жасап, лаңкестікпен күресуіміз қажет. Осынау қиын сәтте барша түрік халқына күш-қуат пен төзімділік тілеймін,– деді облыс әкімі Алик Айдарбаев.

Түркия Республикасының бас консулы Корхан Кюнгерю қиын сәтте қолдау көрсеткен бауырлас мемлекетке алғысын білдірді.

Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

0242