Ақтау гарнизоны әскери сотында «Татуластыру рәсімі, оның ішінде медиацияны қылмыстық істерді қарау барысында қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш іс шараға Ақтау гарнизоны әскери прокуратураның, Ақтау гарнизоны бойынша ҚР ҰҚК  әскери полиция Басқармасының, Ақтау гарнизоны бойынша ҚР ҚМ әскери полиция бөлімінің, ҚР ҰҰ 6656,3502 әскери бөлімдерінің әскери полиция бөлімшесінің, Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының  өкілдері, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторлары  мен  Батыс Қазақстан аймақтық «Сахара» газетінің Маңғыстау облысындағы тілшісі  А.Жәнібек қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар медиацияның өзектілігі мен тиімділігі, оны халыққа кеңінен насихаттаудың маңыздылығы, сонымен қатар оның қолдану аясы,қылмыстық істерді қарау барысында медиацияны қолданудың деңгейі туралы өзара пікір алмасты.

Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесі бойынша төраға іс-шараға қатысушыларға медиация рәсімдерін қолдану бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін, сонымен бірге халық арасында осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді ұсынды.

       Е.Нурбергенов, Ақтау гарнизонының әскери прокурорының аға прокуроры