Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.С.Алдабергенов, кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің 2015 әскери бөлімінің және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 29011, 21814, 25425 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерінің қатысуларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Сот кабинеті» және «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізді.

 Төраға М.Алдабергенов алғы сөзінде сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екнін айтып, онымен күресуде барлық шараларды қолдану қажет екенін айтты.

 Кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат жалпы «Сот кабинеті» электронды жүйесінің тікелей мақсатын және «Сот кабинеті» арқылы Қазақстан Республикасының соттарына кіруге мүмкіндік беретін ортақ терезе екенін айтты.

 Шара барысында мемлекеттік тілді дамыту, еліміздің сот жүйесі саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар талқыланды.

ҚРҚМ 29011, 21814, 25425 әскери бөлімдерінің баспасөз қызметі