Ақтау гарнизоны әскери сотының ұжымы  бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекелері – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні құрметіне салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

 Іс-шараға «Маңғыстау-Медиа» газеті мен Батыс Қазақстан аймақтық «Сахара» газетінің Маңғыстау облысындағы тілшісі  А.Жәнібек қатысты.

  Сот төрағасы М.Алдабергенов қонақтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап,  бұқаралық ақпарат құралдары демократиялық және құқықтық мемлекетті нығайтудағы маңызы өте зор  рөл атқаратынын, БАҚ өмірі елеулі оқиғалар мен құбылыстармен барша тұрғындарды таныстыратындығын сонымен қатар белсенді қоғамдық пікірді қалыптастыруға, сындарлы күштердің топтасуына ықпал ететінін атап өтті.

Сот төрағасы БАҚ қызметкерлеріне олардың белсенді қызметі үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта сот билігі органдарымен бұқаралық ақпарат құралдары сот билігінің беделін көтеруге деген тығыз қарым-қатынасты жалғастыратынына сенімділігін білдірді.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне сот қызметін атқаруға байланысты өзекті мәселелерді, азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған құқықтық реформалар туралы  сапалы материалдар дайындап және олардың баспаға жедел жариялануына, сот билігі органдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, белсенді жұмыс атқарғандары  үшін ерекше алғысын білдірді.

Іс шара соңында журналисттерге жұмыстарына сәттілік пен жеміс тілей отырып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Ануар ЖӘНІБЕК, Батыс Қазақстан аймақтық «Сахара» газетінің Маңғыстау облысындағы тілшісі