Ағымдағы жылдың 29 маусымында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкері Ербол Жұмабайдың облыстық орталық мешіті жанындағы ислам медресесінің шәкірттері және ұстаздарымен кездесуі болып өтті.

Лекция барысында уәкілетті орган өкілі медресе ұстаздары мен шәкірттеріне департамент қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, ҚР 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы Ашық келісімнің талаптары бойынша сөз қозғалды.

Сөз соңында медресе тыңдаушыларына Министрліктің ресми www.kyzmet.gov.kz, www.adaldyk.kz сайттары және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, оларды толғандырған сауалдарына жауап берілді.

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бейнероликтер көрсетумен аяқталды.

Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы