әскер
Сурет сайт архивінен

Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті күзгі әскерге шақыру науқаны 8 қыркүйектен бастау алып, кезеңімен жүріп жатқандығы туралы хабарлады.

Маңғыстау облысы бойынша 2017 жылғы күзгі әскерге шақырту науқанына тапсырыс — 685 адам. Солардың ішінде әскери тектері бойынша Қорғаныс министрлігі – 280 адам, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі – 165 адам, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі – 10 адам, Ұлттық Ұлан – 230 адам. Ал «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 12 бабына сәйкес, әскери техникалық мектеп қатарына Маңғыстау облысы бойынша тапсырыс 90 адам, бүгінгі таңда барлығы жөнелтілді.

«Әскер қатарына шақырту жұмыстары ҚР Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы №449 жарлығына сәйкес, ҚР Қарулы Күштері қатарына және басқада әскери тектеріне сәйкес жүргізілуде. Көктемгі әскерге шақырту науқанына тапсырыс — 680 адам болса, күзгі шақырту науқанына берілген тапсырыс 685 адам», — деп мәлімдеді Маңғыстау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Шынболат Ақмұратов.

Тағы оқыңыздар: Ай Қабақ деп ат қойсақ…

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін ҚР ҰҚК ШҚ және ҚР ҚМ-нің әскери бөлімдеріне 255 адам жөнелтілді. Алдағы уақытта желтоқсан айының аяғына дейін 430 азамат жөнелтілу жоспарлануда.

Нұрбол ОҚУОВ,

Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН