Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД Ескірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Камиль Будайчиев хабарлады.

«2017 жылдың 6  айында заңсыз айналымнан 448 келі 328,5 гр есірткі алынды. Оның 440 келісі марихуана, сондай-ақ 7 келіге жуық гашиш және 70 грамм героин тәркіленді», – деді К. Будайчиев.

Осы мерзім ішінде Маңғыстау облысында 153 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Оның 65-і есірткі қылмысы болса, 88-і қылмыстық теріс қылықтар.

Аталған 65 ескірткі қылмысының 42-сі есірткі затын сату, 16-сы аса көп мөлшердегі есірткіні сақтау, 2-уі ақшаны заңдастыру фактілері. Сондай-ақ өңірімізде есірткі бизнесі бойынша ұйымдасқан екі қылмыстық топқа тосқауыл қойылып, 3 есірткі притоны жабылды.

К. Будайчиевтің айтуынша, аталған есірткі притондарының біреуі Жаңаөзенде, екеуі Ақтауда жұмыс істеген. Есірткіге салынған адамдар пәтерін есірткі затын қолданатын «притонға» айналдырған. Қазір аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, бір іс сот қарауына жолданған.

Суретті түсірген автор