жас маман студент

Бүгін Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде бакалавр және магистратура дәрежесін аяқтаған түлектерге диплом беру рәсімі өтті.

Университет ректоры Ботабеков Әділбек Қожабекұлы бітірушілер мен ұстаздарды және ата-аналарды құттықтап, дипломдарды өз қолымен табыстады. Сондай-ақ, білім ұясы қабырғасында жүріп белсенді көзге түскен тұлектердің ата-аналары да алғыс хатқа ие болды.

                                                                                                Теңге БЕКМҰРЗАЕВА