Өңір әйелдері арасында жемісті жұмыс жүргізіп келе жатқан Маңғыстау облыстық іскер әйелдер қауымдастығы жақында тағы екі филиалын ашты. Оның біріншісі Қарақия ауданында ашылып, төрайымдығына Гүлжамал Бекбауова сайланды.

IMG-20170317-WA0069

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Сәуле Жақаеваны қабылдаған аудан әкімі Әділбек Дауылбаев іскер әйелдер қауымдастығының жұмысына сәттілік тілеп, филиалдың бүкіл өңіріміздің әлеуметтік, саяси, экономикалық өміріне әйелдердің қатысуына, ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған жұмыстарға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Депутат Сәуле Бердіханқызы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында аудан орталығы Құрық ауылындағы кәсіптік колледж студенттерімен кездесті. Кездесу барысында «Үштілділік-заман сұранысы» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренингте студенттер Қазақстан, Ресей және Ұлыбритания  командалары болып бөлінді. Жаттықтырушы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бақытжан Нұрханова аталған үш мемлекеттің тарихына байланысты тапсырмалар беріп, жастардың білім деңгейі ойын түрінде толықтырылып отырды.   Қазылар алқасының төрайымы болған С.Жақаева көп тіл білетіндігін байқатқан командаларға дипломдар тапсырып, еліміздің жарқын болашағы бүгінгі жастардың біліміне байланысты екенін атап айтып, игі тілегін жеткізді.

Колледж директоры Далабай Бекмағамбетов студенттер өмірімен таныстырды. Колледждің оқу өндірістік цехында қыздар тігін тігуді үйренсе, болашақ автожөндеушілер автокөліктің қыр-сырын үйренумен қатар тұрмысқа қажетті нәрселер жасаумен айналысады.  Материалдық-техникалық база жақсы. Оқу орнының жағдайымен танысқан халық қалаулысы студенттердің қала кәсіпорындарында тәжірибеден өтулеріне көмектесуге, ал бітіруші түлектердің кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндеріне кеңес беріп, семинарлар өткізуге дайын екендігін айтты.

Сондай-ақ ауданның Жетібай ауылында да Маңғыстау облыстық іскер әйелдер қауымдастығының осындағы филиалын ашуға арналған жиында филиал төрайымы болып жеке кәсіпкер Айнұр Қилыбаева сайланды.

 Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

 открытие филиала в с.Жетыбай (2)

IMG-20170317-WA0014

IMG-20170317-WA0043