Үшінші сайланған Мұнайлы аудандық мәслихатының кезекті сегізінші сессиясында бес мәселе қаралды. Кейбір мәселелер сессиядан бұрын болған тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында талқыланды.

фото сегізінші сессия 2

Сессия жұмысына аудан әкімінің сол кездегі міндетін атқарушы Б.Сүлейменов, облыстық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары А.Өтешов, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл әкімдері мен мекеме, ұйымдардың жетекшілері қатысты.

мәслихат 3

Күн тәртібіне бірінші аудандық жергілікті полиция қызметінің жұмысы қойылды. Тәртіпті қадағалаушы органның жылдық жұмыстарын аудандық ЖПҚ басшысы Қ.Айғарақов баяндап берді. Қ.Айғарақовтың ақпаратына сүйенсек, өткен жылы ЖПҚ қызметкерлерімен аудан көлемінде құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар ұйымдастырылған. Нәтижесінде ауыр қылмыстар 2%-ға, оның ішінде қарақшылық 25 %-ға, тонау 13,6%-ға, зорлау 33,3%-ға, автокөлікті заңсыз айдап әкету қылмыстары 20 %-ға төмендеген. Десек те  аудан бойынша тіркелген қылмыстардың саны бір жыл бұрыңғысымен салыстырғанда 284-ке, қоғамдық орындарда болған қылмыстардың саны 60-қа, көше қылмыстары 18-ге дейін өскен. Аталған кері көрсеткіштің басым көпшілігі Басқұдық және Атамекен ауылдарында орын алған.

ЖПҚ басшысының мәлімдемесінен кейін аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №6/116 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі бойынша сөз экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Көшекбаеваға  берілді. Ол мәслихаттың шешіміне енетін өзгерістермен таныстырды. Үшінші мәселе аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 20 сәуірдегі №2/14 «Аудандағы жұмыссыздықты азайту және халықты жұмыспен қамту бойынша атқарылған жұмыстар туралы» шешімінің орындалысы туралы болды. Бұл жөнінде кеңейтілген отырыста аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Г.Ақниязова баяндаған еді. Бөлім басшысының айтуынша, 2016 жыл  жұмыспен қамту орталығына 2194 адам хабарласқан. Жыл басынан ауданда 1537 ( жоспар 1000) жаңа жұмыс орындары ашылған. Сонымен қатар аудан аумағына қарасты мекемелерге тұрақты  жұмысқа 1012 адам орналасқан. 21 жоба бойынша 129 адам жұмысқа жолданған. 14 адамды кәсіпкерлік негіздері курсына оқытып, 51 адамға 153,0 млн теңге несие беру жоспарланған. Жергілікті бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарына 34 359,5 мың теңге игеріліп, 331 адам, жастар тәжірибесіне  24 720,8 мың теңге игеріліп, 276 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 11509,0 мың теңге игеріліп, 83 адам жіберілген.

маслихат4

Сессияның келесі мәселесі аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 сәуірдегі №21/230 «Біріңғай тәртіптік комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және  тоғызыншы сессиясының төрағасын сайлау туралы болды.

Көтерілген мәселелер бойынша шешім қабылданып, келесі сессияға №11 сайлау округінен депутат Ж.Нөкеров сайланды.

Шахида Жұман