«Ер Сай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылай қолдауымен Құрық ауылындағы №1 орта мектеп жанынан жасақталған стритбол (көше баскетболы) командасы 2008 жылдан бері облыс біріншілігінің мектеп лигасында табысты өнер көрсетіп келеді. Жуырда «Ер Сай» ЖШС-гі құрама команда мүшелерінің әрқайсысына құны 100 доллар тұратын қымбат спорттық аяқ-киімдер табыс етті. Тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан біріншілікте тәжрибелі жаттықтырушы Тәрбие Бәйімбетовадан тәлім алып жүрген команда мүшелері осы жылдары бес рет лига жеңімпазы болып танылды. Облыстық баскетбол федерациясы (президенті- Самсон Аракелян) ұйымдастырып отырған біріншілікте сәтті ойын өрнегін көрсете білген №1 орта мектеп ұжымы биылғы жылғы турнирге қатысқан 29 команда арасынан суырылып шығып, стритболшылар бәсекесінде бірінші орынды иемденді. Жерлестерімізге жаңа жетістіктеріңізбен қуанта беріңіздер дегіміз келеді.

      Жалғас БЕРДІМҰРАТҰЛЫ

%d1%81%d1%82%d1%80%d0%b8%d1%82%d0%b1%d0%be%d0%bb

_mg_1503