Осыдан екі жыл бұрын Қазақстанның кәсіби және өзге мерекелер тізіміне енген жаңа мереке – Еңбек күнін және елімізде аталып келе жатқан 1 қазан-Қарттар күнін Түпқарағандықтар ерекше атап өтуде. «Иса-Досан» ескерткіші алаңында ардагерлерге шахматтан жарыс ұйымдастырып, әннен шашу шашуда.

Түпқараған ауданы әкімдігі мен Түпқараған аудандық Азаматтық Бастама қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отырған шарада білім беру ісінің үздігі, ардагер-ұстаз Гүлсім Арапақызына, ардагер-дәрігер Пригода Людмила Васильевнаға, мал шаруашылығымен айналысып келген, еңбегін түйе бағудан бастаған Мұханов Сағындық Мұханұлына, талай балаға бастауышта бас әріпті танытқан ардагер-ұстаз Ниязғұлова Шолпан Шәдиқызына,еңбек жолын шопандықтан бастаған ардагер Бектұрғанов Күзенбай Ақтанұлына, ардагер ұстаз Шахимова Тұрдаш Жорғынқызына  аудандағы әр сала ардагерлері құттықтауын арнап, «Үздік еңбек арадагері» марапатын табыстады.

Шара соңы «Ақерке Жайық» мейрамханасындағы кешпен жалғасуда.

Милана ЕЛЕУСІНОВА
Суретті түсірген автор

img_1640

img_1690

img_1712

img_1666

img_1730

img_1731