Есбол Өмірбаев атындағы орта мектепте оқушыларымен «Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» тақырыбында еркін форматта жастармен сұқбат алаңы ұйымдастырылды. Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға спикер ретінде шақырылған «Түпқараған жастары» Қоғамдық Бірлестігінің төрағасы Наурызбек Мағдатов, «Жас Отан» жастар қанатының Түпқараған аудандық бөлімшесінің басшысы Айдана Мұратова, «Ақкетік арайы» газетінің редакторы, «Қолдау» орталығының директоры Милана Елеусінова сөз сөйлеп, өздерінің жеткен жетістіктерімен бөлісті.

Қатысушы мектеп оқушыларымен тренинг ұйымдастырып, ойындар ойнатылған кездесуде оқушыларға арнайы аудандық этнографиялық мұражай Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай көрме ұсынды. Онда ауданымызда тұрып жатқан қазақ,орыс, түркмен, украин халықтарының ұлттық киімдері мен тұрмыстық бұйымдары қойылып, оның этнографиялық анықтамасы түсіндірілді.

— Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығының жоспарындағы тақырыптық шара өзге мектептерде де жалғасын табады. Егер жатсар қызығушылық білдіріп, ауданның белсенді жастарымен кездескісі келсе, біз ұйымдастыруға дайынбыз, -дейді ұйымдастырушы Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Гүлхас Тәжібева.

Гүлсім ҚАРЫМСАҚОВА
Суреттерді түсірген автор

img_1581

img_1609

img_1584

img_1603