Ақмаржан Ақтауда «Каспий жұлдызы» атты көркем гимнастика өнерінен сайыс өтті. Атырау, Байқоңыр өңірінен бақ сынасуға келген бойжеткендер мен балауса бүлдіршіндер барша жұртты талантымен тәнті етті. Әсем музыка ырғағымен тербелген жас өнерпаздар жеке және топтық кезеңде өнер көрсетті. Сымбаты мен сәні, салтанаты мен сұлулығы  үйлесім тапқан нәзік жандылар  доп, ұршық, таспа, шеңбер  мен шығыршық арқылы шеберлігін сынасты.

Голрох Жеменей
Суреттерді түсірген Талант Құсайын

1

10

9

8

6

5

4

3

7

2