Сурет akorda.kz алынған

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Елшісі Чжан Сяоны қабылдады, — деп хабаралайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. 

Елші Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен келешегі жөнінде өз ойын ортаға салды, сондай-ақ биыл қыркүйекте ҚР Президентінің ҚХР-ға жасайтын алғашқы мемлекеттік сапарына дайындық барысы туралы баяндады.

Президенттің пікірінше, алдағы сапар – қазақ-қытай қатынастарындағы маңызды оқиға. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап екі ел арасында екіжақты ықпалдастық пен халықаралық күн тәртібіне қатысты барлық мәселелер бойынша ашық әрі сындарлы диалог орнағанын айтты.

Мемлекет басшысы осы дәстүрді жалғастыру керектігін атап өтті. «Қазақстан ҚХР-мен жаңа технология, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалары бойынша ынтымақтастықты дамытуға мүдделі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.