kondybai serikbol Серікбол конференция
Сурет enu.kz алынды

Нұр-Сұлтан қаласында Маңғыстау облысының әкімдігі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастырыуымен «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы және Ұлы Дала өркениеті» атты II халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференция дүниежүзілік мифологиялық мектептердің теориялық негіздері және идеяларын, тақырыптары мен мысалдарын салыстыра зерттеп реконструкциялау негізінде «Арғықазақ (дей-түркі) мифологиясының» негізін қалаған, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы демократиялық ой-толғаулар мен жаңа тұжырымдар ұсынған мифолог-ғалым Серікбол Қондыбайдың шығармашылығына арналды.

Конференцияға республикамыздың атақты ғалымдары мен қоғам қайраткерлері, Түркия, Ресей, АҚШ мемлекеттерінен мифология, философия, тарих, этнология, археология, өркениет тану салаларының ғалымдары мен музей зерттеушілер орталығының арнайы шақырылған 200-ден астам қонақ қатысты.

Конференция «Күнтекті қаһармен» деректі фильмі, «Қазақстан» ТРК «Балапан» арнасы дайындаған «Айдар» және «Қоңырқаз» анимациялық мультфильмінің көрсетілімінен басталып, С.Қондыбай шығармалары бойынша дизайнер Тәрбие Айдынбаеваның «Мифтік кейіпкерлер шеруі» атты дефилесінің тұсаукесеріне ұласты.

Маңғыстау облыстық ардагерлер төрағасы Серікбай Төлетов облыс әкімі Ералы Тоғжановтың құттықтауын жеткізіп, конференция қатысушыларына сәттілік тіледі. Конференция тізгінін Еуразия Ұлттық университетінің проректоры, ҚҒА академигі Дихан Қамзабекұлы ұстады.

Конференцияда «Серікбол Қондыбайдың еңбектері және мифология құбылысы» мен «Ұлы дала құндылықтары және таным сабақтастығы» деген екі бағытта өрбіді.

kondybai serikbol Серікбол конференция
Сурет enu.kz алындыkondybai serikbol Серікбол конференция

Шетелдік ғалымдар арасында әлемдік деңгейдегі ғалымдар Түркие елінің Эгей университетінің профессоры Мұстафа Өнер, РФ, Чуваш республикасының мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, әлемдік түркітанушылар ассоциациясының төралқа мүшесі Николай Егоров, РФ Башқұртстан Республикасының Ғылым академиясы Уфа федеральдық зерттеу орталығы тарих, тіл және әдебиет институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Фирдаус Хисамитдинова және т.б. қатысты. Солардың бірі Висконсин-Мадисон университетінің профессоры және Назарбаев университеті түркітану және қазақ тілі кафедрасының жетекшісі, PhD (АҚШ) Юлай Шамилоглу баяндама жасап, Назарбаев университетіндегі «Қазақ мифологиясы» ашылып, Серікбол Қондыбай шығармалары негізге алынып оқытылатынын айтты.

serikbol Серікбол конференция

«Мені қуантатыны Серікболдың шығармаларына ден қойған әлі де бізге белгілі емес жас ғалымдардың өсіп келе жатқандығы. Еуразия ұлттық университетінің базасында бар Серікбол ілімін әлемдік ғылыми айналымға енгізуге толық мүмкіндіктің барлығы. Ендігі мақсат қазақ мифология туралы еңбектердің шетел тілдеріне аударылып, ұлттар мен халықтар мәдениетін жақындастырып насихаттау»,  — деді ғалымның апасы Балсұлу Қондыбай.

Конференцияның жалғасы секциялық отырысқа ұласып, ғылми пікірталас түрінде өтіп, келгендер мифлогияның қазіргі таңдағы көкейкесті мәселелерін қызу талқылады. Отырыс соңында «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы және Ұлы Дала өркениеті» атты II халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның қорытындысы бойынша қарар қабылданды.