Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай қала әкімі Е.Әбілов журналистика саласында талмай еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарды қабылдап, мерекелерімен құттықтады.

Изображение 112— Біздің елімізде кәсіби мерекелер аз емес. Әйтсе де, бұл атаулы күнге деген көзқарас ерекше. Өйткені, бұл сәт ерен еңбегі соншалықты қажетті, әрі өзге ешбір маңызды шаруамен салыстыруға келмейтін кәсіп иелерінің төл мерекесі. Сендер өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және қарапайым адамдардың мұң-мұқтажын шешудегі қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін, – деді Елубай Әбілов.

Шынайы лебізден соң, «Жаңаөзен жаршысы» газетінің бас редакторы Қадырхан Есболаев, «Жаңаөзен»газетінің тілшісі, майталман журналист Мұратбай Ұлықпан, «Мұнайлы мекен» корпоративтік басылым тілшісі Бибігүл Бөбекбай, «Жаңаөзен жұлдызы» журналының бас редакторы Айнагул Күшікбай, «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы Жаңаөзен өкілдігінің тілшісі Сәбит Ұлықпан және Райымгүл Махамбетова, «Жаңаөзен» газетінің фототілшісі Айжан Насырова, телеарнада бейнемонтажшы Батыр Ақмолдаев Жаңаөзен қаласын аймаққа насихаттау мен баспасөз, байланыс салаларына қосқан үлесі үшін қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, бұл кездесуде А.Күшікбай және жас журналистер И.Сәтембаева мен Ж.Ақбергеноваға ҚР журналистер одағына мүшелікке өткендігін растайтын арнайы куәлік табысталды.

Ерекше ықыласқа бөленген бұл күні журналистер қауымы мерекеге қарамастан қызметтік міндеттерін бір сәтке болсын ұмыт қалдырмай, кездесуді пікірлесуге ұластырды. Ұшқыр қалам иелері қала әкімімен басқосуды пайдалана отырып, халық көкейіндегі бірқатар проблемалық сұрақтарды жайып салды. Жаз маусымында мәселе туғызып отырған су мәселесі, жауынмен жуылып кеткен жолдар, қылмыстық ахуал, болашақ ұрпақтың рухани дамуы және жастардың мәдениеттілігін арттырудағы толғаныстарын және оң ұсыныстарын айтты. Кез-келген жаңалықты қалт жібермейтін, елдегі болып жатырған хал-ахуалға бей-жай қарай алмайтын журналистердің сауалдарына қала әкімі жан-жақты жауап берді. — КОС мәселесіне келетін болсақ жұмысы созылғаны рас, алайда қәзір қайта іске қосылды. Жаңа технологияның арқасында қайта жандандырып, алдағы уақытта су мәселесін шешуге оң ықпалы болады. Қаланы көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары, сквер, парк т.б қала тұрғындары демалып отыратын жерлерді көбейтуге де көңіл бөлудеміз. Жолдарды жөндеп, асфальт жоқ көшелердің бірқатарына грейдермен болсын жолдар жасаймыз» — деді. Сондай-ақ, қала әкімі журналистерге ел арасындағы өзекті мәселелерді, оларды шешу мақсатында атқарылып жатырған жұмыстарды халыққа обьективті түрде жеткізіп отыруды тапсырды.

Назым Тоқсанбаева

Изображение 093