Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева БАҚ өкілдерімен жүздесіп, төл мерекемен құттықтады.

Халық сөзін қолдаған, ел үшін қалам ұштаған 30-ға жуық журналист зор құрметке бөленіп, марапатқа ие болды. Бану Ғаниқызы құттықтау сөзін арнап, игі лебізін білдіріп, бірқатар телеарна мен газет тілшілеріне облыс әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.

IMG_1336

«ҚР Журналистер Одағы» облыстық филиалының төрағасы Петр Долматов ақжарма тілектерге қосылып, аймаққа белгілі журналистер – Айнахан Есет, Ағлен Таласбаева, Алтынгүл Меңдіханды «Құрмет грамотамен» марапаттады. Мәйекті ой, сырлы сөз зергері, ақын, ардагер журналист Айтуар Өтегенов «Құрметті журналист» атанды. Ал «Қазақстан – Ақтау» телеарнасының шеф-редакторы Маржан Медиева 50 жас мерейтойына орай аймақ басшысының арнайы құттықтауына ие болды. Билік пен халық арасында алтын көпір іспеттес тілшілер облыс әкімі орынбасарының алғыс хатын алды.

IMG_1415

Құттықтау шара соңында еңбегі еленген БАҚ өкілдері алғыс айтып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Ханым ҚУАТ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН