Ақтау қаласындағы «Ханшаһар» сарайында аймақтағы зиялы қауымның, облыстық ардагерлер кеңесінің және өңір имамдарының қатысуымен алқалы жиын өтті. Бүгінде Маңғыстау жұртшылығы арасында «Садақа өткізудің Маңғыстаулық ортақ әдебі» атты Үндеу талқыға түсуде. Бұл мәселені бастама етіп көтерген Маңғыстау аудандық ардагерлер кеңесі болатын. Кезекті жиын облыстық деңгейде өткізіліп, мұнда әр өңірден жиылған ақсақалдар мен ел жақсылары Үндеуді тағы бір сарапқа салды. Үндеуде 7 мәселе көтерілген болатын. Олар: жаназа намазға толық тұру, садақа дастарханы қандай болу керек, марқұмның рухына бата оқу жолдары, садақа пакет әкелуді тоқтату, қонағасы кімдерге арналған, қауымның басына барып тамбайғазы беру жөнінде және малдан зекет беру.

IMG_8805

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейітбеков Үндеуде көтерілген мәселелердің шариғат ережесіне сәйкес немесе сәйкес емес тұстарын анықтап, жаназаға тұрудағы ережелер, садақа дастарханының Ислам тұрғысында қандай болу керектігі, ысырапшылдықтың қатері жайында айтты.

кожык косуга

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов те сөз алып, Үндеудің бүгінде жұртшылық тарапынан қолдау тауып отырғандығын, ендігі мәселе – жүзеге асыру жолдарын іске асыру жайында сөз сөйледі. Ол үшін әрбір аудан, ауылдың ардагерлері, сөз бастар көсемдері мен ел ағалары өздерінің жүрген жерінде кеңінен насихат етіп, өткізіліп жатқан садақаға арнайы қатысып, Үндеуде белгіленген пунктерді қалыпқа түсіру керектігін айтты Серікбай Құдайбергенұлы.

IMG_8818

Осы Үндеуді аудан ақсақалдарының ортасына салып, ардаргерлермен бірлесе отырып бастама етіп көтерген Маңғыстау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманқос Ертілеуов Үндеуді ұсынудағы себептер мен ел ішіндегі кейбір шектен шығушылықтың нәтижелерінің кейінгі ұрпаққа тигізер залалдарын айтты. Сондай –ақ , Маңғыстау ауданындағы Жыңғылды, Жармыш, Оңды,Тұщыбек ауылдарында жүргізілген насихат әсерінен ол жерлерде садақа өткізу бұрынғыдай ас та төк емес, өзгергендігін жеткізді.

Маңғыстау аудандық ардагерлер ұйымы бүгінде облыстағы барлық ауылдарды аралап, Үндеудегі ұсыныстарды ел-жұртқа таныстырып жүр.
Жиында өзге аудандардан келген ардагерлер де өздерінің пікірлері мен ойларын білдіріп, Үндеуді қолдайтындықтарын айтып жатты. Ақсақалдар өз сөздерінде тарихқа кейін қарасақ, талай қиындықтан өткенімізді, сондықтан барынан берекет іздеп, көл –көсір шашпалыққа емес, үнемшілдікке, ысырапшылдыққа емес , қолда барды орнымен жұмсауға шақырды.

Анаргүл ЖЕКСЕМБАЙҚЫЗЫ

IMG_8855

IMG_8858

IMG_8852

IMG_8847

IMG_8824

IMG_8818

IMG_8811

IMG_8809

IMG_8806

IMG_0823