Маңғыстау оқушылары командасы

29 наурыз күні Республикалық пәндер олимпиадасында Маңғыстау облысы оқушыларынан құрылған команда Бас жүлдеге ие болды.

Ақтауда «Хан Шахар» қонақ үй залында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша республикалық олимпиада жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.  Жалпы білім беру пәндер арасында өткен дәстүрлі олимпиада биыл өз өлкемізде ұйымдастырылды. Олимпиадаға 24-29 наурыз күндері аралығында барлығы 21 команда қатысып,  еліміздің барлық облыстарынан, Астана, Алматы қалаларынан, республикалық мектептерден, Назарбаев зияткерлік мектептерінен 586 оқушы бағын сынады.

 Оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тарих, құқық, ағылшын, француз, неміс тілдері пәндерінен  сайысқа түсті.

Қорытынды бойынша, 252 оқушы жүлделі орындарға ие болды:  44 оқушы алтын медаль және І дәрежелі дипломмен, 78  жүлдегер күміс медаль мен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 130 оқушы 3-орын алып, қола медальді кеудесіне тақты.  Медальдармен бірге олимпиада жүлдегерлеріне облыс әкімі атынан ноутбук, планшет, портативті зарядтау құрылғысы және наушниктер табысталды.

4

Жалпы командалық есепте ең үздік олимпиада командасы  атағына Маңғыстау ие болды. 41 оқушының 22-сі түрлі дәрежедегі дипломдармен және медальдармен марапатталды: І дәрежелі диплом және алтын медальға 6 оқушы, ІІ дәрежелі диплом және күміс медальға 5 оқушы, ІІІ дәрежелі диплом және қола медальға 11 оқушы ие болды.

 Командалық есепте 1-орынды Павлодар және  Жамбыл облыстары, Астана және Алматы қалалары иеленді. Екінші орын – Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстары.

3333

22222222

111111111111111111111111111  Маңғыстау облысы Бейнеу лицейінің 11 сынып оқушысы Шахаманова Лаура «Ең үздік ауыл оқушысы — 2017» номинациясымен, Бейнеу лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ауданбаева Қамар «Ең үздік ауыл мұғалімі — 2017» номинациясымен, Ақтау қаласы «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Ахвердиев Эдип «Полиглот-2017» номинациясымен марапатталды.

            ҚР Білім және ғылым Министрлігінің «Дарын» республикалық ғылым-тәжірибелік орталығы директоры Шолпан Кәрібаеваның айтуынша, биыл математикалық-жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада Павлодар қаласында өткен. Республикалық олимпиада жыл сайын дәстүрлі түрде наурыз айында өтеді.

            Сондай-ақ, Павлодарда өткен олимпиадада Маңғыстау облысы командалық есепте 1-орында тұр. Бұған 37 оқушы қатысып,  4 алтын, 2 күміс, 8 қола белгі алған маңғыстаулықтар үлкен жетістікпен келді.  Маңғыстау облысы білім саласында  жоғары көрсеткішке жеткені қуантады.

Айгүл ДӘДЕН
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

Павлодар оқушылар командасы
                          Павлодар оқушылар командасы

5

3