сот

Сот-мәртебелі орын. Сондықтан, оған кірудің нақты тараптарының болуы, ғимаратта тәртіптің сақталуы заңдылық. Даудың ақ-қарасы анықталатын сот процесіне іске тікелей қатысы бар жандардың тексеруден өткеннен кейін ғана жіберелетіні бұлжымас қағида. Әрі заң алдында азаматтар қаншалықты тең құқылы болса, сот залына кірерде де тараптарға ешқандай артықшылық жасалмайды. Процеске қатысушылардың барлығы ғимаратқа кіру тәртібіне сай толықтай тексеруден өткізіліп, тыйым салынған заттардың жоқ екеніне көз жеткізілгенде ғана төрелік алаңынан орын алады.

Жоғарғы Соттың талабына орай, 2010 жылдан бері республика соттарында бір реттік талондар беру жолымен азаматтар ғимартқа кіргізіледі. Мұндай талондар іске қатысы бар тұлғалар үшін емес, қызуғышылық танытқан сыр адамдарға ұсынылады. Сондай-ақ, Премьер-министр мен Президент Әкімшілігі басшысының тапсырмасына орай, сот мәжіліс залдарына смартфон секілді артық заттарды алып круге де қатаң тыйым салынған. Бұл өзгерістің барлығы ақпараттық қауіпсіздікке қылау түсірмей, ашықтық принципін бұзбау мақсатында қолға алынған. Және мұндай тыймнан судьялардың өзі де, процеске қатысатын сот қызметкерлері, прокурорлар күмәнданған тұсты анықтап, шындыққа көз жеткізе алады. Осы жерде бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа технологияның озық үлгілерін қолдануға қатысты түйткілдің туындауы заңды. Журналистер дыбыс-бейне жазу құрылғылары арқылы кейде сот залынан тікелей репортаж жасауға, сот отырысынан жедел, шынайы ақпарат беруге тырысып жатады. Қазіргідей бәсекелестік дамыған заманда әріптестерінен алда тұру үшін журналистердің оқиғалардан шынайы хабарлама жасағаны дұрыс. Алда Тұруды мақсат еткен журналист бұл туралы соттан алдын ала рұқсат алу керек.

Сот ашық өткізіледі, ешкімге кедергі жасалмайды деген қағида бұрыннан бар. Дегенмен, егер даулы мәселесе таразыланып жатқан қос тараптың бірі қарсылық көрсетіп, қандайда бір сурет, бейнематериал дайындауға келісім берсе, судья іске журналистерді қатыстыра алмайды. Тек мұны төртіншібилік өкілдері ақпарат құлардарына  қойылған кедергі деп түсінбегені ләзім. Өйткені, сот үшін ең алдымен дауға қатысушы тараптардың пікірі маңызды.

Гаухар МЕТЕРҚҰЛОВА
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы