Жуырда  «Астана  Project» ЖШС және «Мемқалақұрылыскадастры» РМК қолдауымен өңіраралық кооперацияны дамыту туралы семинар өтті.

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын  «Қазақстан – 2050» Стратегиясын ескере отырып өзектендіруді аяқтаумен айналысады. Баяндама барысында «Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директоры Тұрлыбек Мұсабаев  Қазақстан Республикасының аумағын дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеуді жалғастыру, Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекітуді сүйемелдеу, Шымкент және Ақтөбе агломерацияларын аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеуді бастау мәселелеріне тоқталды. Ең бастысы кәсіпорнының өңірлік өкілдіктерінің қызметі, әкімдік бөлімшелері мен коммуналдық қызметтердің өзара жұмыс жасауы үшін қаланың интерактивтік кезекші жоспарын жүзеге асыру жайы сөз болды.

«Әр өңірдің өзіндік кадастрлық жүйесі қалыптасқан. Бағдарламалық қамтамасыз ету қызметі әрқилы. Жүйелендіру, бір жүйеге біріктіру мүмкін емес. Сондықтан мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін құру бойынша жан-жақты жұмыстар  атқарылып жатыр. Қазіргі уақытта республикалық деңгейдегі қала құрылыс кадастры тәжірибелік қолданысқа енгізілді. Экономиканың барлық салаларын қамтитын геоақпараттық тақырыптық дерекқор әзірленді. Дегенмен,  елді мекендердің жағдайы, инженерлік ғимараттар мен желілер инженерлік қамтамасыз етілу, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымдармен жабдықталу туралы ақпарат жетіспейді. 2012 жылдан бастап нормативтік техникалық құжаттар ҚР СН қолданысқа енгізілді және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қала құрылыс кадастрын бірыңғай форматта құру және жүргізу бірізділендірілді. Салалық министрліктер және ведомстволармен бірге тиісті тақырыптық дерекқорды толтыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Қолданыстағы жүйеде облыстық сәулет және қала құрылысы басқармалары жанындағы коммуналдық кәсіпорындар жергілікті атқарушы органдарға түрлі форматтағы мәліметтерді ұсыну арқылы қала құрылысы кадастрын жүргізеді Мұндай жүйе мәліметтерді республикалық деңгейге тапсыруға кедергі келтіреді және облыстық және базалық деңгейлерді құрмайынша толыққанды қызмет ете алмайды Сондықтан қолданыстағы жүйені жаңғырту үшін мақұлданған Тұжырымдамаға сәйкес қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін құру үшін қала құрылысы кадастрын құру және жүргізу функциясын жергілікті атқарушы органдардан ҚР Өңірлік даму министрлігінің жүргізуіне беруді көздейтін Заң жобасы әзірленді»,-дейді  Т.Мұсабаев.

3

Заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылған. Қала құрылысы кадастрының дерекқоры республиканың барлық аумағы сондай ақ оның белгілі бір облысы немесе елді мекені туралы кеңістіктік ақпаратты қарастыруға мүмкіндік береді.  Республикалық деңгейден облыстық және базалық деңгейге түсе отырып кез келген жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты қарастыруға, оның ішінде топографиялық түсірілімінің бар жоғы, инженерлік желілер жайлы мәлімет, сонымен қатар үйдің 3D үлгісін алуға мүмкіндік бар. Үш өлшемді үлгілер инженерлік коммуникациялар және олардың түрлі деңгейлердегі тереңдіктерін бейнелеуге мүмкіндік береді.  Қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесі кадастрлық ақпаратты ұсыну мерзімін шамамен 26 есеге қысқартуға, сондай ақ бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес елді мекендер аумақтарының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар аталған жүйені енгізу инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, мемлекеттік басқару жүйесінде жедел шешім қабылдауға, мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге жол ашады.

«Бүгінгі таңда өңіраралық  кооперацияны дамытудың басты мақсаты — өңірлердің өзара байланысын нығайту, өзімізде өндіретін тауарлардың әлеуетін күшейту. Басқосу барысында болашақта барлық инструменттер мен құрал-жабдықтар арқылы  жергілікті өндірілетін тауар айналымын жүйелі жүзеге асыруды жоспарладық»,-дейді Т.Мұсабаев.

Голрох Жеменей
Суреттердң түсірген: Талант Құсайын