Қазақстан Республикасы бас прокурорының 24.06.2016 жылғы №144/6 бұйрығымен Ақтау қаласының прокуроры болып әділет ісінің аға кеңесшісі Тойжан Марат Серікұлы тағайындалды.

М.Тойжан 1977 жылы дүниеге келген, қазақ, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының тумасы, білімі – жоғары, заң маманы, 1998 жылы Қожахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген, 2011 жылы осы оқу орнында экономикалық білім алды.

Прокуратура органдарында 1998 жылдың шілде айынан бастап әр түрлі қызметтерде жасап келеді: стажер, Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі, Маңғыстау облысы прокурорының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңының орындалысын қадағалау жөніндегі көмекшісі, Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Маңғыстау облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімі бастығының орынбасары, Маңғыстау облысы прокуратурасының мемлекеттік органдардағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, Бейнеу ауданының прокуроры, Жаңаөзен қаласының прокуроры, Маңғыстау облысы прокуратурасының қылмыстық процестердің сотқа дейінгі кезеңінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, Бас прокуратура 5-ші Департаментінің кадрларды іріктеу, орналастыру және оқыту басқармасының бастығы. Осыған дейін Маңғыстау облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімі бастығы қызметінде болды. 

Ақтау қаласының прокуроры қызметін атқарған Әлібаев Талғат Айтбайұлы Астана қаласы Есіл ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды.

Маңғыстау облысының прокуратурасы