Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы мұнай-газ, өндіріс тақырыбында қалам тербеп жүрген журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады.

4– Құрметті, бұқаралық ақпарат өкілдері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қаламы ұшқыр, ойы жүйрік,елдің аманатын арқалап жүрген журналистер қашан да елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап келеді. Ағымдағы жылы өндіріс орындарында 6 млн.285 мың тонна мұнай өндіруді жоспарлап отырмыз. Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қатар Жетібайда алғашқы мұнай бұрқағы атқылағанына 55 жыл, Жетібай кенорнының ашылғанына 50 жылдық мерекесі тойланады. Мұнайшылар күні қарсаңында
тойланатын мерекеге дайындық шаралары басталып кетті. Алдағы уақытта ынтымақтастықта, бірлікте бірлесе жұмыс жасауға шақырамын. Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, қаламдарыңызға қуат, мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін,– деді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Бақыт Иманбаев.

Салтанатты сәтте Бақыт Алтайұлы республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерін Алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады. Мемлекетіміздің мүддесі мен мұраты жолында аянбай тер төгіп, жаңалықтың жаршысы болып жүрген журналистерді аталмыш акционерлік қоғамның бас директорының бірінші орынбасары Пэй Цзяньшэн құттықтап, ақжарма лебізін білдірді. Сондай-ақ мерекелік шарада «Маңғыстау» газетінің бас редакторы Ғалым Әріп, «Огни Мангистау» газетінің бас редакторы Наталья Бутырина, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары Аманбек Ахметов сөз сөйлеп, компания ұжымына алғыс айтты.

Өндірістік өрлеуді бетке алған компания құрметтің құшағына бөленген журналистер қауымына арнап қала сыртындағы «Стигл» демалыс орнында сауық кешін ұйымдастырды.

Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген талант ҚҰСАЙЫН

7

2

5

3

IMG_2514