Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына орай «Менің Отаным Қазақстан» атты облыстық туристік слеті өтті. Слетке Маңғыстау облысына қарасты қала мен аудандардан арнайы құрама командалар қатысып, бағдарламаға сәйкес Тарас Шевченко атындағы мұражай мен этнографиялық мұражай кешендерін, Иса-Досан тарихи ескерткішін аралаудан бастады. Аудан тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орны болып табылатын Захар Дубский атындағы бақшада туристік слет жалғасын тапты.

Турслет тәртібіне сай қатысушылар табиғат аясында демалып қана қоймай, шатыр құру, көңілді мәре мен квест ойындарына қатысып, білім көкжиектерін кеңейтті. Алау жағып, гитарамен ән шырқаған жастардың бұл жаз есінде көпке дейін әдемі естелік ретінде сақталатын болады.Түпқарағанда туристік слет өтті— Туристік слеттің мақсаты — жастарды туған жерін қастерлеуге тәрбиелеу, жастар арасында далалық жағдайда өмір сүруге бейімдеу, спорттық жарыстар арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мен достықты нығайту, интернет әлемінен бір уақыт босап, таза ауада басқосу. Жастарға туристік слет барысында Мемлекеттік рәміздер туралы арнайы жоба және рәміздерді қадірлеу мен қастерлеу туралы мағлұматтар берілді. Ертесіне Иса-Досан ескерткішінде Республикалық эстафета қабылдау шарасына қатысумен жалғасын тапты. Шараның өз деңгейінде өтуіне Маңғыстау облыстық жастар саясаты басқармасы, Түпқараған ауданы әкімдігі, Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы, Түпқараған аудандық «Жас Отан» ЖҚ, жергілікті «Каспий коммуналдық қызметі» ЖШС өз үлесін қосты. Ұйымдастырушы тараптан жоғарыдағы мекемелерге өз алғысымызды білдіреміз!-дейді ұйымдастырушы Наурызбек Мағдатов.Түпқарағанда туристік слет өтті— Сәті түсіп бізге Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко (Ақкетік) қаласында өтіп жатқан туристикалық слетке қатысу мүмкіндігі бұйырды. Мұнайлы ауданы атынан командамызбен осы өңірге келіп тұрған алғаш сапарымыз. Түпқарағандық жастардың осы шараны ұйымдастыру деңгейі өте жоғары болды десем артық айтқаным емес. Барлығымызды да құшақ жая қарсы алған әдемі демалысты өткіздік деп есептеймін. Сапарымыздың алғашқы қадамы осы өңірде орналасқан Т.Шевченко атындағы музей жəне «Иса-Досан» монументті ескерткіш кешенінен басталды. Ұйымдастырушы топ тарихи деректермен ақпар бере отырып, біздің тараптан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өңір жəдігерлерімен таныстырды. Форт-Шевченко қаласы кəрі Каспийдің жағалауында орналасып, əсем табиғатымен еліктіретіні рас! Ұйымдастырушылар бізді қала сыртында орналасқан теңіз жағалауындағы демалыс аймағына апарды. Жол бойында «Кемпір тасты» көріп, аңызын естідік. «Күкіртті су» ыстық бұлағына түсіп те үлгердік. Осы демалыс аймағында біздің туристикалық слетіміз басталды. Ұйымдастырушы жастар ауа-райының ыстығына қарамастан, біз үшін қазан да көтерген екен. Жиі ыстық шай мен дəмді палау, қуырдақтан ас алдық. Керемет шараға шақырып,  туристикалық слетке қатыстырғандары үшін Түпқараған ауданы жастарына Мұнайлы ауданы Жастар ресурстық орталығының атынан өз алғысымызды білдіреміз! Осындай креативті шараны ұйымдастыруға бізді де шабыттандырдыңыздар, – дейді туристік слетке қатысушы Әйгерім Қалдыбай.

Милана ЕЛЕУСІНОВА