Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында 2015 жылғы 6 мамырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп берген болатын.«100 нақты қадам»- бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.

«100 нақты қадам» елімізге «2050-cтратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан Мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады, оның екінші институционалдық реформасы – Заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналған, реформа қадамдарында азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін, сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, бас сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу, сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу, сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту туралы міндеттер қойылған.

Мысалы : «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27 *қадамында жеке сот орындаушыларының институтын нығайту арқылы сот актiлерiн орындау саласын дамыту қарастырылған.
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 138-бабында мемлекеттiк және жеке сот орындаушылары қабылдайтын атқарушылық құжаттардың түрлерi бойынша олардың құзыреттiлiктерi нақты белгiленген. Атап айтқанда, мемлекеттiк және жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттары бойынша былтырдан бастап жеке және заңды тұлғалардың пайдасына, сондай-ақ мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаларды мемлекеттiң пайдасына өндiрiп алу жеке сот орындау саласының айрықша уәкiлеттiгiне жатқызылды.

Өз кезегiнде мемлекеттiк сот орындаушыларының өндiрiсiне тек төменде көрсетiлген құжаттар қабылданатын болады:

– мемлекеттен өндiрiп алу;

– мемлекеттен немесе дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызын мемлекетке және онымен үлестес заңды тұлғаларға тиесiлi заңды тұлғалардан өндiрiп алу;

– табиғи монополия субъектiлерiнен немесе тауар және қызмет нарығындағы үстем жағдайда болатын субъектiлерден өндiрiп алу;

– мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомаларды мемлекет пайдасына өндiрiп алу;

– мүлiктi тәркiлеу немесе мүлiктi мемлекетке тапсыру;

– мемлекеттiң мүддесi үшiн үйден шығару, үйге кiргiзу, құрылыстарды бұзу, алу туралы атқарушылық құжаттар.

Осылайша 2016 жылдың 1 қаңтарынан алименттердi, ақша сомаларын, үйге кiргiзу, үйден шығару, жайды бұзу туралы атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату тек жеке сот орындаушыларына ұсынылады.

Атқарушылық құжатты орындау үшiн сот орындаушыға ұсыну құқығы өндiрiп алушыға тиесiлi және заңда атқару құжаттарын ұсыну мерзiмi көзделген. Мәселен, сот актiлерi негiзiнде жазылған атқару парақтары олар берiлген күннен бастап үш жыл iшiнде сот орындаушыға берiлуi мүмкiн.

Ал, жеке сот орындаушыларының қызметiне ақы төлеу өзiн-өзi қаржыландыру негiзiнде iске асырылады. Яғни оның iс-әрекеттерiне ақы борышкерден талап етiлетiн қаражат есебiнен жүргiзiлетiнi туралы заңнамада белгiленген. Сонымен қатар, жеке сот орындаушы атқару құжатын орындауға қабылдайтын кезiнде өндiрiп алушымен шығындардың алғы төлемiн төлеу туралы келiсiмшартты жасайды. Кейiннен төленген алғытөлемнiң сомалары борышкерден өндiрiлген қаражатынан ұсталады.

Алайда, жаңа заң нормаларында кейбiр азаматтарға аталған тәртiппен төлем талап етiлмейтiн жеңiлдiктер қарастырылған. Нақты айтсақ, алименттер бойынша атқарушылық құжаттарды ұсынатын өндiрiп алушылардан жеке сот орындаушылардың қызметiне алғытөлемдердi талап етуге тыйым салынған.алименттердi өндiру туралы құжаттар әлеуметтiк маңызы бар iстер санатына жатқызылып, бұл түрдегi iс жүргiзулер бойынша борышкерлердiң кiрiстерi және атына тiркелген мүлiктерi болмаған жағдайда жеке сот орындаушылардың қызметiне ақы төлеу республикалық бюджет есебiнен жүргiзiлетiнi көзделген.

Жалпы енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар жеке сот орындаушылар саласының әрi қарай дамуына, сондай-ақ, сот орындаушының мәртебесiнiң нығаюына бағытталып отыр. Осы заңнамалық жаңалықтар атқарушылық өндiрiс саласын жаңа деңгейге көтеруге негiз қалап, заңдылық сақталуын, құқықтар мен заңды мүдделердiң iске асырылуын күшейтуге оң септiгiн тигiзіп отыр. Оған дәлел : атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде атқарушылық іс жүргізу тараптарының /борышкер, өндіріп алушы/ кабинеті әзірленіп, пайдалануға енгізілді, ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына www.adilet.gov.kz орналастырылған, онда «Сот орындаушылары» бөлімінде тиісті қосымша бет бар.

Аталған кабинетте атқарушылық іс жүргізу тараптары өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланып АІЖО ААЖ арқылы атқарушылық іс жүргізудің орындалу барысымен таныса алады, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің материалдарын қарай алады, сот шешімін орындау мәселелері туындаған жағдайда, атқарушылық іс жүргізудің тараптары, яғни борышкер, не өндіріп алушы онлайн режимінде сот орындаушысына сұрақ қоя алады немесе қажеттілігіне қарай құжат салып, табыстай алады.

Бұл сот актісінің орындалу барысы туралы ақпаратқа тиімді қол жеткізу, осы мәселеге қатысты шағымның төмендеуін қамтамасыз ету.

Тілектес ҚАНБАЕВА
«Маңғыстау аумақтық бөлімі» филиалының басшысы