Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйінде өткен жылы бастау алған, қазіргі заман талабына сай ғаламтор желісі арқылы жүргізілген «Жаңа есімдерді іздейміз» атты шығармашылық жобасы биыл да жалғасын тапты.

Жоба мақсаты облыстағы, соның ішінде аудандағы өнерге құлшынысы бар жаңа есімдерді анықтап, халыққа таныту. «Киелі сахна» тақырыбында жаңа әндер шығарып, музыка әлеміне тарту ету.

ІІ маусымындағы алғашқы іріктеуге Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан, Бейнеу ауданы, сондай-ақ Алматы облысынан да өнерпаздар  қатысқан еді. Онда бақ сынасқан 54  өнерпаздың 41-і іріктеудің екінші бөліміне жіберілсе, екінші бөлімнен бірінші сайысқа соның 38-і қалдырылды.

—  Бірінші сайыстық бөлім бүгін, қыстың соңғы күні Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйінде өтеді.  Мұнда 38 әнші мен 4 тәлімгер өз өнерлерін сынайды,-дейді мәдениет үйінің директоры Маргарита Омарова.

Шахида ЖҰМАН