жылқылар қамалды

Ақтауда қала аумағында жайылып, жасыл желектерге түскен жылқылар қамалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

«Ақшұқыр тұрғыны Исағали Бүркітбаевтың 21 бас жылқысы 17-20 шағынаудан аумағында жайылып жүрген. Жануарларды «Қала жолдары» ЖШС-нің қызметкерлері мекеменің мал қамайтын базасына апарып қамады», — делінген хабарламада.

Жергілікті полиция қызметінің инспекторы мал иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505 бабы бойынша xаттама толтырылған. Бұл баптың 1 тармағы бойынша жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Егер бұл әрекет бір жыл ішінде қайталанса, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.

Суретті Ақтау қаласы әкімдігі ұсынды