Қасиетті Тараз қаласында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикалық мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің қатысуымен өткен VІІІ жазғы спартакиада мәресіне жетті. Аталмыш жарыстан маңғыстаулық балуандар, атап айтқанда «Жастар» спорт мектебінің шәкірттері Нұржас Қуандық, Қанағат Қойжан, Әйгерім Қоқаева, Эльмира Хасан қола медальдарды иеленіп, облыс қоржынын 4 медальмен толықтырды. Жарысқа облыс балуандарын белгілі бапкерлер Берік Жұмағалиев пен Ерлан Серіков дайындады. Жалпы додаға еліміздің әр өңірінен келген 12 салмақ дәрежесінде 400-ге жуық балуан қатысып, бақтарын сынады.

02

-Жарыс 26-27 маусым күндері самбодан өтті. Жарыста облыстың намысын қорғаған балуанымыз 51 салмақ дәрежесінде Нұржас Қуандық үшінші орынды, 78 салмақ дәрежесінде Қанағат Қойжан үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, қыздар арасында боз кілемге 55 келі салмақта белдесуге шыққан Әйгерім Қоқаева мен 59 келі салмақта Эльмира Хасан қола медальдарды қанағат тұтты,-дейді балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің бапкері Ерлан Серіков.

Венера МИРЛАН

03