Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай облыс орталығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің ұжымы спорт тақырыбында қалам тербеп жүрген бірқатар журналистерді мерекемен құттықтап, марапаттады.

03

— Баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Журналистер қауымы-ол бүгінгі қоғамның айнасы. Сіздерге деген құрмет қашанда жоғары болады. Біздің облысымыздың оның ішінде спорт саласының өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, әрдайым қолдау көрсетіп жүрген баршаңызға алғысымды айтамын. Қоғам өмірімен біте қайнасып, тәуліктің күн-түніне қарамай, тынымсыз тер төгетін Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Тағы да мерекемен құттықтай отыра, отбасыларыңызға бақыт, шығармашылық шабыт, зор денсаулық тілеймін,-деген балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов, журналистерге алғысхат пен ақшалай сыйлықтар табыстады.

Спорт саңлақтарының марапатына ие болғандардың қатарында «Тумба» газетінен Нұрғаным Имашева, «Лада» газетінен Гүлнара Мусалимова, «Қазақ» радиосынан Айман Нұрмағанбетова, «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі Елена Калинина, облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасынан Гүлайна Мерген мен Евгения Шаршова бар. Өз кезегінде марапатталушылар кәсіби мерекеде арнайы құттықтап, журналистердің еңбегін елеп-ескерген спорт мектебінің ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.

02

04

— Бізді кәсіби мерекемен құттықтап, көңіл бөліп, марапаттап жатқан спортшылар қауымына алғысымды білдіремін. Республиканы былай қойғанда халықаралық жарыстарда еліміздің абыройын арттырып, көк байрағымызды желбіретіп, әнұранымызды асқақтатып жүрген спортшыларымыздың жеңістері жайында біз әрдайым қуана жазамыз. Келер күнде де алар асуларыңыз, бағындырар биіктеріңіз көп болсын дегім келеді. Қашанда мерейлеріңіз үстем болып, тек жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер. Сый-құрметтеріңіз бен ыстық ықыластарыңызға, ақ тілектеріңізге тағы да алғыс айтамын,-деді «Тумба» газетінің тілшісі Нұрғаным Имашева.

Венера МИРЛАН

05

06

07