Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Ақтау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Н.Қ. Аққұлов пен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ә.Көшербаевқа Ақтау қаласындағы жолдардың күзгі-қысқы маусымға дайындығы мен техникалық жағдайына талдау жасауды тапсырды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әліби Көшербаевтың айтуынша, автомобиль жолдары бойында, шағынаудандар ішінде жаңбыр және еріген қар сулары жиналатын орындар тізбесі жасақталған. Ақтау қаласының автожолдары бойында жаңбыр және еріген қар сулары 27 жерде, ал шағын аудандары ішінде 12 жерде жиналады.

Тағы оқыңыздар: Құрықта су тұшыту зауытын салу жоспарлануда

Бүгінгі таңда күз-қыс мезгілдеріндегі су тасқыны немесе нөсер жаңбырдың және еріген қар салдарынан жиналатын суды алуға «Қала жолдары» ЖШС тарапынан жұмылдырылатын арнайы техникалар бар. Атап айтқанда: 1 автогрейдер, 2 бойлер, 5 самосвал, 4 жүк тиегіш, 2 Зил құмсепкіш, 4 Маз құмсепкіш, 2 трактор құмсепкіш, 2 Газель, 12 мотопомпа. Сондай-ақ, 42 қызметкерге күз-қыс мезгілдерінде су тасқыны немесе нөсер жаңбырдың алдын алу, тазалау жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс кестесі де әзірленді.

Сонымен қатар, күз бен қыс мезгілінде орын алатын апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында 10 жеке кәсіпкер қалаға қажетті арнайы техника мен құрал-жабдықтар (автокрандар, тиегіштер, қазандықтар, қоқыс жәшігі және т.б.) бөлді.

Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ