«Каспий футбол клубына Әбілдаев Асқар Зұбайдуллаұлы басшылыққа келді. Бүгін «Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының» басшысы Бекболат Байжанов жаңа директорды көпшілікке таныстырды.

«Каспий» футбол клубына жаңа басшы тағайындалды

Асқар Әбілдаев 1971 жылы 16 маусымда дүниеге келген. Бұрын қарағандылық «Шахтер», алматылық «Қайрат» командаларында өнер көрсеткен. 1992 жылғы Қазақстан чемпионы, 1994 жылы күміс жүлдегер, 1992 жылғы Қазақстан Кубогының иегері, 1995 жылғы қола жүлде игері.  Соңғы уақытта «Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры қызметін атқарған.

«Каспий» футбол клубына жаңа басшы тағайындалды

Маусымға арналған тапсырмаларды айта келе басқарма басшысы Б. Байжанов клубтың инфрақұрылымына қатысты (футбол алаңы, мини-футбол залы) бірнеше мәселелерді тілге тиек етті.

«Каспий» футбол клубына жаңа басшы тағайындалды

-Мен үшін өз клубымызда қызмет ету үлкен мәртебе. Біз облыс әкімімен кездесіп, өлкеміздің спорт саласы, оның болашағы жайлы біршама жоспарлар жөнінде әңгімелескенбіз. Биылғы жылғы басты тапсырма – Бірінші лига құрамына ену. Ал 2018 жылы Премьер-Лигаға жолдама алуды көздеп отырмыз. Бұдан бөлек, балалар футболының да дамуына көп көңіл бөлмекпіз. Және жұмысшылардың қызметтік міндеттерін де қайта қарап шығамыз. Бұған дейін атқарылған істерді әрі қарай дамытып, жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз, — деді жиында сөз алған Асқар Әбілдаев.

Суреттер «Каспий» футбол клубының ресми сайтынан алынды