«Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, 1 тамызда «Сіз экспорттай аласыз» деген тақырыппен бизнес-семинар өтетінін хабарлайды. Бұл шараны ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, «Kazakh invest» ҰК» АҚ мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «OrientSwiss Kazakhstan» компаниясы өткізеді.

Бизнес-семинар Zoodel сауда алаңшасының базасында отандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін дамытуға, Жібек жолы (Қытай, Ресей, орталық Азия елдері, Иран, Түркия, Пәкістан) елдерінің нарықтарына шығу мен экспортық операциялар тізберін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін ақпараттық технологияны қолдануға үйретеді.

Семинар 1 тамыз күні сағат 14:00-де 35 шағынаудандағы облыстық кәсіпкерлер палатасының ғимаратында өтеді. Кіру тегін.

Қосымша ақпаратты +7 778 999 01 21; +7 7292 30 28 28 (ішкі — 4745) телефондары бойынша Азамат Нуркиннен ала аласыз. Эл.пошта: nurkin.copmangistau@gmail.com