бауырсақ қымыз фестивалі

29-30 шілдеде «Қазақстан» СК-нің көлік тұрағында Атырау, Жамбыл және Қарағанды облыстарының жәрмеңкесі өтеді.

Жалпы 360 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: ет және ет өнімдері — 101 т, сүт өнімдері — 34 т, қант — 10 т, көкөніс — 153 т, нан және тоқаш өнімдері — 12 т және т.б.

Қарағанды облысы бауырсақ және қымыз фестивалін өткізеді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Арқа сазы» фольклор ансамблі концерттік бағдарламасын ұсынады.

Өңірлік жәрмеңкелер ауылшаруашылық өнімдерін нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан сатып алу үшін өткізіледі. 5-6 тамызда елордада Солтүстік Қазақстан облысының жәрмеңкесі өткізіледі деп күтілуде.

Дереккөз: inform.kz