Төтенше жағдайлар департаменті мамандары өрт толық өшпеген шылым немесе сіріңкеден тұтанған дейді. Бұл жайлы ТЖ басқармасының аға инженері Назар Теңелхан хабарлады.

-Осыншалық ауқымды өртке толық өшірілмеген шылым мен сіріңке себеп болып отыр. 5 және 15 шағын аудандағы екі пәтерде де тілсіз жау қылтимадан (балкон) шыққан.  Және оқиға болған күні ондағы тұрғындардың алкогольді ішімдік қабылдағандары анықталды, — дейді аға инженер.

Еске сала кетейік, 22 шілде күні Ақтауда екі бірдей өрт оқиғасы болған еді. Салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді.