кикбоксинг

Үнемі жеңіс тұғырынан көрінетін түпқарағандық спортшылар бұл жолы да халықаралық спорт додасынан жүлделі оралды.  Маусым айының  12-20 аралығында Грузия мемлекеті Батуми қаласында кикбоксингтен өткен жарыста 6 спортшы жастарымыздың бабы мен бағы жанды.

-«Қара теңіз кубогы-2017» халықаралық турнирінде Құлқашев Берекет, Сағатов Жалғас, Доғдырбайұлы Мұхтархан  І орын, Сейілхан Құмар, Мәжіліс Мейрамбек ІІ орын және Бегендіков Ақберен ІІІ орынды иеленіп, жүлдемен оралды,- деп хабарлайды жеңіске деген ұмтылыспен қарсыластарынан оза шапқан жас спортшыларды құттықтаған аудандық мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғалиева.

Батумиден түпқарағандық спортшылар жүлделі келді

      Милана ЕЛЕУСІНОВА