волейбол

Аймақта тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Үш күнге созылған бәсекеге Жаңаөзен, Ақтау қалаларынан және Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан жасақталған командалар қатысты. Аталмыш командалардың құрамында 75 спортшы бар.

Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО) Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО) Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО)

-Жарысқа біздің команда тыңғылықты дайындалды. Бұған дейін біз Грузияда өткен халықаралық турнирде волейболдан үшінші орын алған болатынбыз. Айта кету керек, биыл облыстағы мүгедек спортшыларға арналған ангар типтегі спорт ғимарат пайдалануға берілген болатын. Спортшылар үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Жаттығу залы, волейбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы ойнауға арналған залдар бар. Одан бөлек киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелері де қарастырылған,-дейді Маңғыстау облыстық мүгедектер спорты клубының директоры Нұралы Құлышов.

Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО)

Командалық ұйымшылдықты, ширақ қимылмен шеберлiктi талап ететін жарыста белсенділігімен Ақтау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының командалары көзге түсті. Үшінші орын үшін Ақтөбе мен Қызылорда командалары өзара кездесті. Тартысты өткен кездесудің нәтижиесінде ақтөбеліктер 3:0 есебімен жеңіске жетіп, үшінші орынға табан тіреді. Ақтық сында кездескен Ақтау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының командалары жеңіс тұғырынан көріну үшін барын салды. 2 сағатқа созылған шешуші кезеңнің қорытындысында 3:1 есебімен қарсыластарынан басым түскен ақтаулықтар бірінші орынды иеленіп, алтыншы рет жарыс чемпионы атанды.

Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО)-Жеңіс тұғырынан көріну үшін барымызды салдық. Өзіміздің өңірімізде өтіп жатқан жарыс болғандықтан бізге артылған үміт те зор болды. Сол үдеден шығу үшін барымызды салдық. Біздің команда осымен алтыншы мәрте ҚР чемпионы атанып отыр. Өкінішке орай жарыс барысында командамыздың мықты ойыншысы Ерболат Алтаев жарақат алып қалғандықтан ойынды әрі қарай жалғастыра алмады. Мүмкін нәтижиеміз бұдан да жоғары болар ма еді,-дейді Маңғыстау облыстық мүгедектер спорты клубының директоры Нұралы Құлышов.

Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО)

ҚР чемпионатының нәтижесінде бірінші орыннан Ақтау командасы, екінші орыннан Оңтүстік Қазақстан облысы көрінді. Үшінші орынды Ақтөбе командасы қанағат тұтты. Ақтаулық команданың құрамында Бауыржан Оразалиев, Ерболат Алтаев, Нұралы Құлышов, Ғабит Назарбеков, Аян Рахметов, Мұрат Оңғарбаев, Мақсат Альясов,  Асхат  Юсупов, Қуандық Бисенов өнер көрсетті.

Венера МИРЛАН

Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО) Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО) Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО) Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО) Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО) Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО) Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО) Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО) Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО)

 

 

 

 

 

 

Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО)

Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО)

Ақтаулық тірек-қимыл аппараты зақымданған  команда чемпион атанды (ФОТО)