Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы қазақ жастары арасында орыс тілін таныту және оны оқуға ынталандыру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, риторикалық дағдыларды, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру мақсатында қазақ жастары арасында «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің облыстық байқауын өткізді.

Облыс бойынша байқауға 15-18 жас аралығындағы 34 үміткер қатысып, байқау шартының бірінші аталымы бойынша ұсынылған үш тақырыптың біреуіне эссе жазу және сарапшылар ұсынған тапсырманы қатысушылар жұппен орындалатын диалог құраудан, Екінші аталым бойынша «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасына сәйкес орыс халық әндерін немесе заманауи әндерді орындау немесе орыстың ұлы тұлғаларының шығармаларынан үзінді оқудан өзара сайысты.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімімен Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының дипломдарымен, алғыс хаттары және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Бас жүлдеге — Ақтау қаласы, № 21 орта мектебі оқушысы Мариям Жылқышиева, I орынға — Ақтау қаласы, Экономикалық лицейінің студенті Жантілеуова Ажар, II орынға — Ақтау қаласы, № 13 гимназияның оқушысы

Рахметова Нейла, III орынға — Мұнайлы ауданы, № 10 орта мектебінің оқушысы Кенесова Гүлжайна ие болды.

Ынталандыру сыйлықтарына — Ақтау қаласы, № 13 гимназия оқушысы Сымбат Мекенова, Түпқараған ауданы, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Алуа Қайролданова, Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының оқушысы Өзбекова Гүлмариям лайық деп табылды.

Үміт ЖӘЛЕКЕ